Дархан Сатыбалды Түркия жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенермен кездесті

Дархан Сатыбалды Түркия жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенермен кездесті
13 мамыр күні Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер бастаған халықаралық делегациямен кездесті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Түрік делегациясының құрамына Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Фейзи Эроглу мен Бакир Талип қатысты. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман қатысты.
Бұл шара Түрік делегациясының Түркістан қаласына сапары аясында өтті. Тараптар екі ел арасындағы бауырластық, достықтың маңыздылығына тоқталды.
– Түркістан – түркі жұртының атамекені. Бауырлас елдерімізді тарих пен мәдени құндылықтарымыз ұштастырады. Түркия – біз үшін қазақ халқына деген ерекше ықыласы мен көмегін аямаған, Қазақстан Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел ретінде ерекше ыстық. Киелі шаһардың дамуына үлес қосқан түрік кәсіпкерлері осында бірнеше ірі нысан салды. Қала әрі қарай қалыптасуда. Түркістанның рухани орталық болуына Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың алар орны ерекше. Ал, осындай ойшыл ғұламаның атын иеленген Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістанның ғана емес, барлық түркі елдерінің мәдениетіне, білімі мен ғылым саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Екі ел мәдениетін ұштастыратын жаңа жобаларды әрі қарай да бірлесіп жалғастыруға әлеует бар. Біз бауырлас елдер арасындағы құндылықтарымызды одан әрі дәріптеп, әсіресе жастар арасында кеңінен таратуға күш саламыз, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Бүгінгі жүздесу барысында делегация өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысы таныстырылды. Облыс әкімі шетелдік қонақтарды республикада 2023 жылы, 5 қарашада пилоттық режімде 42 аудан және 3 қала әкімдерінің сайлауы, оның ішінде Түркістан облысы бойынша 4 аудан (Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара) әкімдерінің сайлауы өткендігі туралы және 2021 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізіліп жатқанын хабардар етті.
– Ясауи кесенесі орналасқан түркі әлеміне ортақ шаңыраққа келгенімізге қуаныштымыз. Біз бауырларымыздың ысқыласына ерекше алғыс айтамыз. Расында мәдени, тарихи қарым-қатынасты үздіксіз дамыта отырып, келер ұрпаққа өнеге етіп қалдыруымыз керек. Бұл бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы универтитеттің үлесі ерекше. Жастарымызбен кездесіп, тарихи өңірдің киелі мекендерін аралау жоспарда бар. Біз әрбір қазақ бауырымыздың бойынан біздің елге деген құрметті байқаймыз. Бұл – екі бауырлас ел арасындағы терең байланыстың белгісі. Өйткені рухымыз бір, түбіміз бір, тарихымыз ортақ, – деді Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...