«Науқас» анасына көмек сұрап, жүзге жуық адамды алдаған

«Науқас» анасына көмек сұрап, жүзге жуық адамды алдаған

Павлодар тұрғыны «анам қатты ауырып жатыр» деген желеумен жүзге жуық адамды алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Павлодарлық жас жігіт анасының емделуіне ақша аударуды өтінген. Көбіне қыздар алданып қалған.

Полицияның мәліметінше, сот оған қатысты 3,6 жылға бас бостандығынан айыру және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы үкім шығарған.

Қылмыстық іс материалдары бойынша жас жігіт Instagram желісіндегі парақшасында өзінің Ресейде екенін, ал науқас анасы Екібастұзда тұратынын және оған емделу үшін шұғыл ақша керегін хабарлаған.

«Алаяқ Instagram желісінде жалған парақшалар ашып, негізінен, қыздармен танысқан. Кейін анасының емделуіне ақша аударуды өтініп, қыздардан банк шоттарының деректемелерін және жеке деректерін беруді сұраған. Алынған мәліметтер бойынша онлайн-несие рәсімдеген», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Полицияның мәліметінше, Павлодар тұрғыны 92 қазақстандықты алдаған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...