Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-фин байланыстарын барлық бағыт бойынша одан әрі қарқынды дамытуға өзара мүдделі екенін білдірді.

Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Финляндияның 2025 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апта...

В Шымкенте был организован лагерь дружбы «Біз біргеміз» для молодежного крыла Ассамблеи народа Казахстана. В двухдневном мероприятии приняли участие активисты...