Жээнбеков әйелімен бірге Қырғызстаннан кетті

Жээнбеков әйелімен бірге Қырғызстаннан кетті

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков жары Айгүлмен бірге Қырғызстаннан кетті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Сооронбай Жээнбеков 1 ақпанда «Манас» әуежайынан Түркияға ұшып кетті. Содан кейін ол Джидда (Сауд Арабиясы) қаласына кіші қажылыққа барады. Жээнбеков қажылыққа баруды өткен жылдың қарашасынан бері жоспарлаған, бірақ пандемияға байланысты бұл жоспары орындалмай келді. Кіші қажылық 10 күннен астам уақытқа созылады, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралады.

Айта кетейік, былтыр 5 қазанында Қырғызстандағы парламент сайлауының нәтижесіне топ көшеге шығып, елде жаппай тәртіпсіздік басталды. Осы оқиғадан кейін 10 күннен соң Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

2021 жылдың 10 қаңтарында Қырғызстанда президент сайлауы өтіп, билікке Садыр Жапаров келді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...