Қарасу ауылдық округінің әкімін тағайындау

Қарасу ауылдық округінің әкімін тағайындау

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарасу Ауылдық Округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Абдиманат Бурбеков сайланды, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Осыған орай, Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлы Қарасу ауылдық округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Реметов куәлік табыстады.
Абдиманат Бурбеков 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы –техник-құрылыс-технолог, инженер-экономист және заңгер.
Еңбек жолында 1993-1995 жылдары «Агропромстройкомплекс» кооперативінде есепші көмекшісі, Сайрам аудандық колхоздар кеңесінің колхоздарды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, 1995-1999 жылдары Сайрам аудандық «Алма» Акционерлік қоғамының инженері, 1999-2002 жылдары Сайрам аудандық «Алуа» Акционерлік қоғамының төрағасы, 2002-2005 жылдары Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман жер инспекторы, 2008-2010 жылдары Сайрам ауданы, Бадам ауылдық округінің әкімі, 2010-2011 жылдары Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округінің әкімі, 2011-2012 жылдары Шымкент қалалық ОҚО, Халыққа қызмет көрсету орталығының №2 қалалық филиалында жетекшінің міндетін уақытша атқарушы, 2014-2018 жылдары Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының директоры, 2018-2019 жылдары Шымкент қалалық Азаматтарға арналған үкмет Мемлекеттік корпорациясы ОҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша №1 бөлімінің жұмыста уақытша болмаған жұмыскерлерін алмастыру уақытындағы маманы, Түркістан облыстық Халыққа қызмет көрсету бойынша Төлеби аудандық бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Сарыағаш аудандық «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудан әкімі кеңесшісі, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2021-2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Ақсукент ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Әр түрлі мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген жылдары Бурбеков өзін құзыретті және жауапты басшы ретінде көрсетті. Оның экономика, құқық және басқару саласындағы бай тәжірибесі мен білімі ағымдағы сын-қатерлермен тиімді күресуге және округті дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруға көмектеседі.
Қорытындылай келе, Абдиманат Бурбеков сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, алға қойылған мақсаттарға жету үшін халықпен және әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті. Оның тағайындалуы Қарасу ауылдық округінің тарихында жаңа парақ ашады және тұрғындар оның басшылығымен округ өркендеп, дамиды деп үміттенеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...