Сайлау алды дайындық жұмыстары пысықталды

Сайлау алды дайындық жұмыстары пысықталды
2024 жылдың 23 мамыр күні Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Қ.Құлажанов және Г.Махамбетовалар ағымдағы жылдың 2 маусымына тағайындалған Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков және Көксу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты 3, Көксу ауылдық округіне қарасты 4 сайлау учаскелерін жарақтандыру жұмыстары, комиссия мүшелерінің сайлау алды дайындығы талқыланып, өзара пікір алмасулар болды.
Сонымен қатар, зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді тез арада түзетіп, сайлауды заң талаптарына сәйкес өткізу керектігі түсіндірілді.
Талқылау барысында сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және барлық белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Комиссия мүшелері сайлаудың барлық қатысушылары, соның ішінде сайлаушылар мен кандидаттар үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Қажетті байланыс құралдарымен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, алдағы сайлау туралы халықтың хабардарлығын арттыру шаралары талқыланды. Комиссия өкілдері азаматтардың сайлау процесіне белсенді қатысу қажеттігін және кандидаттар мен олардың бағдарламалары туралы толық және шынайы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша комиссия мүшелері сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтетініне сенім білдіріп, анықталған кемшіліктерді жою және сайлау процесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде деп айты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін Жолдауында:

"Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олар­дың өздерін осы іске белсенді түрде тарт­қан жөн. Алдағы саяси реформа­лар­дың барлығы халықты мемлекет бас­қару ісі­не кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.
Мысалы, қоғамдық пікір сауалдамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды.
Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткі­зуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет."

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...