Алматыда көшелердің бірі 2 айға жабылады

Алматыда көшелердің бірі 2 айға жабылады

Алматыда 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген құбыр реконструкцияланады, , деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметінше, Алматыда 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген құбыр реконструкцияланып жатыр.

"Жолдың астынан өтетін жылу желілерін қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 28 мамыр мен 28 шілде аралығында Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі ұзындығы 673 метр Шопен көшесінің учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылады", - делінген хабарламада.

Жұмыстарды жүргізу кезеңінде осы аудан тұрғындары үшін ыстық сумен жабдықтау уақытша сызба бойынша сақталады.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала анықтап алуды сұраймыз".

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...