«Білімім – Отаныма»: Шымкентте 272 мектеп оқу жылын қорытындылады

«Білімім – Отаныма»: Шымкентте 272 мектеп оқу жылын қорытындылады

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде «Білімім-Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте қалалық білім басқармасына қарасты 272 мектептің барлығы бірыңғай сынып сағатын еліміздің Әнұранымен ашты.

Сынып сағатының аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылын табысты аяқтауымен құттықтады.

Министр Бірыңғай сынып сағаты – бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, оқушылардың ұстаздарына, мектеп ұжымына, ата-аналарына алғыс айтуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!», - деді ол өз құттықтауында.

Министр, сондай-ақ, су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болып, көмекке жұмылған еліміздің педагогтарына алғысын білдірді.

«Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін!», - деді Ғани Бейсембаев.

Сөзін қорытындылай келе, министр мектеп, колледж бітіруші түлектерге алдағы емтихандарда сәттілік тіледі.

Оқу жылын қорытындылауға арналған жаңа форматтағы шара сынып жетекшілер, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен қорытындылау жиынына жалғасты.

Айта кетейік, биыл Шымкентте 13 286 оқушы 11-сыныпты, 21 777 оқушы 9-сыныпты бітіреді. Ал, ертең, 25 мамыр күні білім беру ұйымдарында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіруші түлектердің салтанатты іс-шарасы өткізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...