Шымкент: «Мектебім саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті

Шымкент: «Мектебім саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №73 жалпы орта мектебінде соңғы қоңырау іс-шарасы болып өтті. «Мектебім саған мың алғыс» атты тақырыппен ұйымдастырылған жиынға Шымкент Қаласының Білім Басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Мерекелік іс-шараға құрметті қонақ болып қатысқан Шымкент Қаласының Білім Басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы түлектерді құттықтап, сәтті сапар тіледі.

Іс-шара барысында биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, сондай-ақ, халықаралық конференцияларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар берілді.

Жиында түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдады. Ал, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 272 мектеп оқу жылын қорытындылады. Қалада 13 286 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның 463-і “Алтын белгіге”, 641-і үздік аттестатқа үміткер. Ал, 9 сыныпты 21 777 оқушы тәмәмдаса, оның 1158-і үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

Соңғы қоңырау - бұл әр түлектің өміріндегі маңызды оқиға, ол бір тараудың аяқталуын және жаңа, мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы бастауды білдіреді. Олардың әрқайсысы өз жолын тауып, мақсаттарына жетсін.

Іс-шара соңында түлектер мұғалімдермен және ата-аналармен бірге осы маңызды сәтті түсіріп, естелік фотосуреттер түсірді. Атмосфера қуанышқа, толқуға және жарқын болашаққа деген үмітке толы болды. Іс-шара түлектердің өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын бейнелейтін мерекелік салютпен аяқталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...