«Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға Шымкент қаласының Білім басқармасының басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің басшысы мен мамандары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі –бала құқықтары жөніндегі уәкілі, №1, №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының басшылары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры, Қосымша білім беру оқу салалық орталығының әдіскері және Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің басшысы Нұрдаулет Абылаев «Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады. «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңға сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына және тұрғылықты мекенжайына қарамастан барлық баланың құқығы тең. Бүгінде бала құқығын қорғау – мәселесі өте өзекті. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында бала құқығының сақталуына ерекше мән беруге тиіспіз. Біздің басты мақсатымыз – балалардың құқығын қорғау, құқығы бұзылған болса, оны қайта қалпына келтіру. Оқушылар мәселесі ата-аналармен, жеке тұлғалармен, мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйымдармен бірлесе шешіледі», – деп атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және оларды оқытуға қатысты мәселелер көтерілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Балалардың құқықтарын қорғау саласында бірлескен жұмысты жалғастыру және тереңдету қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Балалар үшін жағдайды одан әрі жақсарту, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қажеттіліктері туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру жоспарлары белгіленді. Барлық қатысушылар белсенді ынтымақтастыққа және ерекше назар мен қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...