Шымкентте мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Шымкентте мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, жастар, ардагерлер, түрлі этнос өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Алдымен, мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Бүгінде еліміздің мемлекеттік рәміздері дүниежүзіне кеңінен танылды. Қазақ елін осы рәміздеріміз арқылы әлемдік қоғамдастық толық мойындады. Тарихқа жүгінсек, 1992 жылы 4 маусым тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Алғашқыда Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Мемлекеттік кеңестің талқылауына Тудың – 1200, Елтаңбаның – 245, Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған екен.
Салтанатты шарада шымкенттік әншілер «Егемен елім», «Қазағым менің», «Көк тудың желбірегені» т.б. әндерді нәшіне келтіре орындады. Шара барысында қала өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Жастарды отансүйгіш, патриот етіп тәрбиелеудің негізгі жолы – ұлттық рәміздерді насихаттау. Бұл орайда, елімізді, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеу, патриоттық сезімін нығайту – әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге тиіс.
Мереке көптеген адамдар қатысқан жаппай флешмобпен аяқталды. Ардагерлер мен жастар Ұрпақтар сабақтастығы мен халық бірлігін бейнелейтін Қазақстан Республикасының Әнұранын бірге орындады.
«Тәуелсіздік» саябағындағы салтанатты жиын баршаға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын, олардың қазақстандықтар арасындағы бірлік пен патриотизмді нығайтудағы рөлін тағы да еске салды. Іс-шара мәдени және патриоттық іс-шаралардың қоғамның шоғырлануына және ұлттық сананың қалыптасуына қалай ықпал ететіндігінің жарқын мысалы болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...