Шымкент қаласының әкімі қаланы кезекті аралау барысында Қаратау ауданындағы «Тассай» елдімекеніндегі ескі жатақханада болып, жағдайымен танысты. Мәселенің мән-жайын білген соң уәкілетті органдарға тұрғындардың өтініштерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, күн тәртібіне енгізуді тапсырды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі одан әрі Тұран ауданында да болды. Ондағы жаңа серуендеу жолын құру тұжырымдамасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен 110/35/10 кВ «Ақжар» қосалқы станциясының құрылысымен танысты. Құрылыс жайын бақылап, орындалып жатқан жұмыстардың ауқымын бағамдаған ол, мердігер ұйым басшыларына бірқатар міндеттер қойып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Ал, Әл-Фараби, Рысқұлов көшелерінің санитарлық күтіміне, сондай - ақ автобустардың тазалығына және электронды билет жүйесіне тексеру жүргізген қала әкімі, Жиделібайсын көшесіндегі жолдың жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді.
Оылайша, бірқатар аудандарды жаяу аралаған әкім аудан әкімдері мен жауапты мамандарға көшелерді тазалауды ерекше бақылауға алып, аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, жұмыстың оңтайлы жүргізілуін қадағалауды ескертті.
Сонымен қатар, әкім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне назар аударды. Ол тұрғын үй мен инфрақұрылымның жағдайын бағалау үшін көпқабатты үйлерді тексерді.
Осылайша, Шымкент әкімінің сапары әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартудан бастап мәдени мекемелерді қолдауға дейінгі көптеген мәселелерді қамтыды. Бұл оның қаланы дамытуға кешенді көзқарасын және барлық тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын көрсетеді. Жақын арада қалада өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асыру күтілуде.