Шымкент: Жыл соңына дейін жұмыс істейтіе жастарға сатып алу құқығынсыз 900 пәтер берілмек

Шымкент: Жыл соңына дейін жұмыс істейтіе жастарға сатып алу құқығынсыз 900 пәтер берілмек
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы тақырыбында көшпелі баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтердің құрылысы жүргізілуде, бүгінде аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 50 019 азамат тіркелген, оның ішінде:
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1907;
- көпбалалы отбасылар 14 063;
- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 625;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402;
- жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген 2-10-20, 5-10-20 бағдарламалары бойынша жыл соңына дейін беру жоспарлануда. 2024 жылға өтпелі болған 244 пәтер несиелік негізде Отбасы банк арқылы азаматтарға қолданысқа табысталды.
Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы құны 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-дей отбасыны несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана алу мүмкіндігі қаралған.
Осы жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталды. Бүгінгі таңға 218 азаматқа 199,9 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.
Оның ішінде:
- 1,2 - топ мүгедектігі бар азаматтар - 76;
- толық емес отбасылар -16;
- мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар - 49;
- бюджеттік мекеме қызметкерлері - 40;
- көпбалалы отбасылар - 30;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 7.
Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.
Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 2023 жылы тексеру жұмыстарының нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...