Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мектеп оқушылары арасында «Білім және ғылым –кәсіби жетістікке жетудің жолы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Ғылыми басқосу М.Әуезов атындағы ОҚУ және Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайы арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Конференция аясында студенттердің техникалық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Байқаудың қазылар алқасының құрамында Әуезов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы: PhD докторы С.Д. Арыстанова, М.Қ.Серкебаев, п.ғ.д., доцент М.Нарманов, аға оқытушы Х.Е. Нұрашев бар. Зерттеу байқауына қатысушылардан 37 жұмыс түскен.
Қазылар алқасының шешімімен техникалық бағыт бойынша 1 орынды –3D модельдеу үйірмесінен Қоныс Рамазан («Дарын I » мектебі), 2 орынды – «Биотехнология» үйірмесінен Бақытжан Жанель («Al-Farabi Bilim mektebi»), 3 орынды – «Жас физик» үйірмесінен Дәулет Жанерке (Тұран мектебі) иеленді.
Гуманитарлық бағыт бойынша, 1 орынды – Маратова Әдемай («Al-Farabi Bilim mektebi»), 2 орынды – Жансезім Нұрғалиева («Al-Farabi Bilim mektebi»), 3 орынды – Есенгелді Заңғар («Farabi Bilim» ) жеңіп алды.
Ұйымдастырушылар қатысушыларды даярлаудың жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай іс-шаралар оқушылардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыратынына, сондай-ақ олардың зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болып қана қоймай, өз зерттеулерін республикалық деңгейде жалғастыруға мүмкіндік алды, бұл олардың алдында кәсіби өсу үшін жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашады.
Мұндай конференцияларды өткізу жастардың ғылыми ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді және болашақта Қазақстанда ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қоса алатын талантты және перспективалы оқушыларды анықтауға көмектеседі. Ұйымдастырушылар бұл іс-шараны жыл сайын көбірек қатысушыларды тарту және аймақ мектептері арасында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ету мақсатында өткізуді жоспарлап отыр.