АСҚАР МАМИН ТҮРКІСТАНДА

АСҚАР МАМИН ТҮРКІСТАНДА

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласың көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді.

Премьер-Министр Түркістан облысындағы суармалы су тапшылығын жою және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысын – Түркістан магистралдық арнасын күрделі жөндеу және оны Сырдария өзенінен толтыру үшін машина арнасын салу,  «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, Жетікөл көл жүйесін қайта жөндеу жөніндегі жобалар жұмысының барысын тексерді. Осы жобаларды іске асыру су пайдаланудың жыл сайынғы көлемін 195,4 млн текше метрге арттыруға және АӨК өндіретін өнім көлемін 14 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Түркістан қаласында Үкімет басшысы әуежай аумағының абаттандырылуымен, тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен және қаланың іскерлік орталығының дамуымен, сондай-ақ инвестициялық жобалардың — «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, «Ұлы дала елі» орталығының және Б. Саттарханов даңғылындағы желілік саябақтың іске асырылуымен танысты.

 «No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...