Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» тақырыбындағы ІІ басым бағытына сәйкес Түлкібас аудандық кәсіпкерлік бөлімінде 2020 жылдың қорытындысымен – 13 млрд 469,3 млн теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі 100,2% құрап отыр. (2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, жоспар - 16 млрд. 900,0 млн теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 105,0% құрау тапсырылған болатын. Ауданымыз облыс бойынша 12 орын).
Оның ішінде;
Кен өңдеу өнеркәсібі- 3 млрд 185,5 млн теңге, нақты көлем индексі 111,6%
Өңдеу өнеркәсібі 7 млрд 692,6 млн теңге, нақты көлем индексі 100,1% құрады.
- тамақ өнеркәсібі 3152,0- нақты көлем индексі 100,6%
- сусындар өндірісі 397,2- нақты көлем индексі 77,1%
- резенке және пластмасса өндірісі 1 742,8- нақты көлем индексі 184,1%
- кең өндеу және құрылыс материсалдарының 2 385,5- нақты көлем индексі 57,8%
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылға жоспарға сәйкес – 14 млрд 900 млн теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 103,5% құрайды деп күтілуде.
Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 8 500,0 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,0% орындау жоспарланды.
Кәсіпорындарға жүргізілген түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 3 орта, 22 кіші және 6 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 10 тамақ өнімдерін өндірумен, 7 құрылыс материалдары өнімдерін өндірумен, 7 кен өндіру саласында және 8 кәсіпорын басқа тауар өндірумен айналысады. Бұл мекемелердің жұмысына тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр.
ИНВЕСТИЦИЯ.
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2020 жыл қорытындысымен 15 млрд 473,6 млн.тг құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 82,4% -ға орындалды (даму бағдарламасына сәйкес меже 20 млрд теңгеге жеткізіп, нақты көлем индексі 100,0%-ға орындауы тиіс болатын. Аудан облыс бойынша 10 орын).
Оның ішінді: республикалық бюджет есебінен - 4843,3 млн теңге
Жергілікті бюджет есебінен - 1764,5 млн теңге
Меншік қаражаты есебінен - 8844,5 млн теңге
Басқада қарыз қаражаттар - 21,3 млн теңге
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2617,4 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,5 есеге артқан. (ауданның даму бағдарламасына сәйкес, жоспар - 2 000,0 млн теңгенің, меже 130,9% орындалды, облыста 2 орын).
Ауданның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес 2021 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 16 млрд 900 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,0%-ға артады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 700,0 млн теңгені құрайды деп күтілуде.
МЕЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МАҚСАТЫНДА ТӨМЕНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ.
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына еңгізілген жобалардың, уақытылы іске асуына ықпал ету. «Табиғи өнім LTD» ЖШС жылына 1 211 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіру және өңдеу» жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның жалпы құны 1 млрд 581,3 млн.теңге. Жаңадан 52 адамға жұмыс орны ашылады. Жоба 2022 жылы іске қосылады деп күтілуде. Жобаны іске асыруға қажетті қаржы көзі анықталды, жобалық сметалық құжаттар сараптамадан өтуде.
«Ferrum Construction» ЖШС-нің Түркістан металлургиялық комбинатының құрылысын ұйымдастыру жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жоба Абайл-2 кен орнын өндірісімен байланысты. Кен орнын қазуға рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Іске асырылу мерзімі 2021-2023 жылдары. Жобаның жалпы құны 36 млрд. 834,0 млн. теңге, жанадан 2000 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.
«Ак kazyna group» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 30 000 тонна тірі салмақта құс етін өндіретін құс фабрикасы жобасы. Жобаның жалпы құны 18 млрд 750,0 млн.тенге, жаңадан 800 тұрақты жұмыс орыны ашылады деп күтілген. Жер телімдері бөлініп, қажетті инфрақұрылымдарға алынған техникалық шарттардың уақыты өтуіне байланысты қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қаржы көзі анықталмаған, жобаға өтініш берушілердің мәлімдеуінше құрылыс 2021 жылы басталып 2022 жылы аяқталады.
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына еңгізілмеген басқада жобаларды алға жылжыту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда;
«Құндыз» ШҚ жобаның жалпы құны 680 млн.тг мал шаруашылық жобасын іске асыру. Қазіргі таңда нысанға қажетті жер телімінің нысаналық мақсатын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
«Beibarys Bottlers» ЖШС су өңдеу жобасының жалпы құны 7 млрд 605 млн.тг іске асыру. Қазіргі таңда нысанға қажетті жер телімінің нысаналық мақсатын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның қаржы көзі анықталып, жобалық сметалық құжаттары әзірленген соң, Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде іске асырылатын жобалар тізіміне еңгізуге ұсыныстар беріледі.
«Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нің әк сөндіру жобасын іске асыру. Жоба құны 45 млн.тг. Зауытты кепілге қойып, жеңілдетілген несие алу үшін газ таратушы бекетіне (ГРП) жер телімін бөлу, жаңа газ таратушы бекетіне салу жұмыстарын ұйымдастыру.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ:
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 2020 жылдың 12 айында 95,9 пайызды құрады. Нақты тіркелгендер 7149 бірлік болса жұмыс істеп тұрғандар саны 6853 бірліктіке құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің көлемі 39,2 млрд теңгені құрап отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің көлемі 2021 жылға жоспар – 41,7 млрд.тг жеткізу межесі қойылды.
БӨЛШЕК САУДА ТАУАР АЙНАЛЫМЫ
Бөлшек сауда тауар айналымы 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес 2020 жыл қорытындысы бойынша 8 млрд. 791,8 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 99,1%-ға орындалды.
ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ
2020 жылы аудан аумағында 350 жобаны қаржыландыру жоспарға қойылып, 175 жоба 1 млрд 174,56 млн. теңгеге қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50 потенциалды жобаны қаржыландыру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысы бойынша 330,2 млн.теңгені құрайтын 19 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылды және 13 жобаның құжаттары рәсімделді.
2021 жылы халықты жеңілдетілген несиемен 200 астам жобаны қаржыландыру жоспарға қойылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 30 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
ТУРИЗМ САЛАСЫ
Ауданда 32 туристік нысан (4 киелі аймақтар, 3 қонақ үй, 7 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар) жұмыс жасайды.
2020 жылы ауданға жалпы 19500 турист келеді деп жоспарланса, бүгінгі таңда 4285 турист келіп, оның ішінде 68 шет ел азаматтары.
Орындалмау себебі: дүние жүзінде COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында, орын алып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты жоспар орындалмай отыр.
Бүгінгі таңда туризм саласын дамытуға 2 жоба іске асырылуда:
- "Таң Нұры" ЖШС емдеу сауықтыру кешені жалпы құны 560 млн.теңгеге. Нысан басшылары 30 млн.теңгеге суды өңдеуді, 150 млн.тг лагерді қайта құрылымдауға және 380 млн.теңгеге жеміс-жидек сақтау қоймасын салу жоспарлауда.
- «Etno Park Resort» этно ауыл жобасы 417 млн.теңгелік туристік қызмет көрсету жобасының құрылысы. Жоба бүгінгі таңда 85% орындалып, толық іске қосуға 150,0 млн.теңге қаржы талап етілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы Ауданда барлығы 4 әмбебап базары, 3 сауда орталығы, 3 сауда қатары, 116 азық-түлік дүкені, 18 жанар-жағар май құю бекеті, 31 дәріхана және 107 әр түрлі дүкендермен дүңгіршектер тіркелген. Жыл басынан бері тауар бағасын тұрақтандыру мақсатында 52 рет орталық базарлар, сауда қатарлары мен сауда объектілеріне қоғамдық аралау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, аудан әкімдігі мен орталық базар, сауда орталықтары мен сауда қатарлары басшыларымен 9 меморандум түзілген. 19 тауар түріне белгілеген шекті мәнінен бағаны асырмау бойынша аудан саудагерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бағаны ретсіз көтерген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 202 бабы бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны жөнінде ескертілген.
«No-comment.kz”-ақпарат