ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚҚА АЛМА КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Фото ашық дереккөзден

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚҚА АЛМА КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма жемісін өсіруге қызығушылық танытқан шаруалар қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі «Нұрсәуле» ЖШС-і. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып көшеттерді отырғызып жатқан шаруашылық алманың «Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сынды сұрыптарын отырғызуда. Жалпы аумағы 50 гектар. Сонымен қатар, шаруашылық 4 гектар жер алқабына ерте пісетін шие көшеттерін егуде. Қазіргі таңда жерді өңдеп, көшет отырғызу жұмыстарына 60-қа жуық жергілікті тұрғындар тартылып отыр.

Қожалық төрағасы Ештаев Нүридиннің айтуынша, аталған жұмыстар өз қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы алма бау көлемін ұлғайту жоспарында бар. Сондйа-ақ, алма баудан мол өнім алу мақсатында тамшылатып суару әдісімен Израилдік технология енгізілмек. Бұл технологияның ерекшелігі - суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін 2-3 есеге арттырады.

«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...