ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Биыл ақпан айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Сайрам ауданында 365 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы аудан әкімі Ұ.Сәдібеков төрағалық еткен жиында «Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің басшысы Н.Сарыбеков баяндады.

Н.Сарыбековтің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі 35 азамат бағдарламаға тартылып, жұмыспен қамтылған. Яғни, ауданда осал санаттағы тұрғындар да әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалмаған.

Аудан әкімі аталған бағдарлама аясындағы жұмыстарды жандандырып, тұрақты түрде нәтижесін бақылауды тапсырды.

Күн тәртібінде аудандағы эпидемиялық жағдай сөз болды. Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша аудандық Ішкі Саясат, Мадениет, спорт бөлімінің басшылары алдағы жоспарымен таныстырды.

Ұласбек Сәдібекұлы бөлім басшыларының дайындығын сынға алды.

– Сырттағы саясаткерлер Қазақстанда түрлі ұлт, дін өкілдері тұратынын алға тартып, елде тұрақтылық сақталмайтынына болжам жасап жатқанда Елбасымыз Арқаның төсінен астана салуды қолға алды. Ассамблея құрылды. Біздің аудан үшін мұның өзі аса маңызды қадам. Бұдан 30 жыл бұрын халық айлап жарықсыз, жылусыз отырған күндерді бастан кешті. Аудан әкімі сол күндерді көз алдымызға әкеліп, бүгінгімізбен салыстырып көре алатын қандай іс-шара ұсына алатындарын сұрады.   

Осы бағытта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара жоспарын дамытуды тапсырды. Ал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына заңсыз құрылыс және ретсіз сауда бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көрсетуді ескертті.

«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...