Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің Жоспарын іске асыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландырады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

450 млрд теңге мөлшеріндегі ұзақмерзімді несие қаражаты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға тиісті келісім шеңберінде бөлінетін болады. Бұл шараларды 2024-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланып отыр. 

Инвестициялық жоба Қазақстанның барлық аумағында іске асырылады. Облыс орталықтарын Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының елді мекендерімен байланыстыратын жолдарды да, республикалық маңызы бар трассаларды да қалпына келтіру жоспарлануда.

Сонымен қатар су өткізгіш құбырлардың апатты көпірлері қайта жаңартылады. Сондай-ақ жолдардың қалпына келтірілген учаскелерінде көлік құралдарының салмағы мен көлеміне қатысты параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу көзделген.

Жалпы, жобаны іске асыру автомобиль жолдарының техникалық сипаттамасын жақсарту арқылы өңірлердің көліктік-логистикалық әлеуетін ашуға елеулі үлес қосады. Көлік магистральдарының өткізу қабілеті мен жайлылығы артады. Жол бойындағы елді мекендердің одан әрі дамуына да серпін берілмек. Халықтың іскерлік белсенділігі артады. Көлік қызметтерін ақпараттандыру процесі жеделдетіледі. Көлік тасымалдарына қаржылық және уақытша шығындар қысқарады, бұл өз кезегінде елдің аграрлық және өнеркәсіптік секторларының дамуына оң әсер етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...