2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін ұйымдастыру комитетінің төрағасы Венера Калимова, сондай-ақ аумақтық әділет органдары мен адвокаттар алқаларының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, соның ішінде халыққа білікті заң көмегінің тиісті сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Адвокаттардың осындай көмекті көрсетуіне байланысты еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылып, қолданыстағы тәсілдер мен қаржыландыру механизмдерін қайта қарау бойынша ұсыныстар қаралды.
Кездесу қорытындылаған Вице-министр Ботагөз Жакселекова талқылаудың нәтижелі және сындарлы сипатта өткенін атап өтті. Кездесу барысында әзірленген барлық ұсынымдар жұмысқа қабылданып, ҚР Конституциясымен кепілдік берілген заң көмегін көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін болады.