КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 82 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 82 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

Былтыр Түркістан облысы, Арыс қаласының экономикасына тартылған жалпы инвестиция көлемі 14 млрд. 651 млн. теңгені құраған.

Ал, 2021 жылы жалпы құны 31 млрд 100 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, оларда 588 жұмыс орындары ашылатын болады.

Cондай-ақ, 2020 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд 593 млн теңгенің өнімі өндірілсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің және ұсынылған қызметтерінің көлемі – 30 млрд 366 млн теңгеге жеткен.

Ал кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелендіру бойынша барлығы 452,6 млн теңгеге 82 жоба қаржыландырылған. Ал ауылшаруашылығы саласында былтыр 17 млрд 730,5 млн. теңгенің өнімдері өндірілген. Есепті жыл ішінде мал басы және мал шаруашылығының өнімдері барлық түрінен артқан. Ет – 8 078,8 тонна, сүт – 20 402,4 тонна, жұмыртқа 7 706,6 мың дана өндірілген.

 «No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...