Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

– Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін, – деді Президент.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...