Түркістанда «Қыз-Жібек» операсы сахналанады

Түркістанда «Қыз-Жібек» операсы сахналанады
Бұл туралы брифингте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында гастрольдік сапармен алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. Сапар аясында 22 маусым күні сағат 19:00-де «Қыз-Жібек» операсы сахналанса, 23 маусым күні сағат 19:00-де «Бір актілі балеттер кеші» көрермен назарына ұсынылмақ. Осы орайда біздің ұжым арнайы үлкен дайындықпен келіп отыр. Композитор Евгений Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» операсы театрымыздың сахнасында алғаш рет 1934 жылы 7 қарашада қойылған. Операны ұжымдық шығармашылықтың жемісі деп айтуға болады. «Қыз-Жібек» - толығымен фольклорлы опера. Қойылымда ұлттық күй-әндер орындалады»,- деді Болат Салтайұлы.
Брифингқе қатысқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жетекші опера солисі Дина Дүтмағамбетованың сөзінше, Түркістан музыкалық драма театрының сахнасы көрерменге қойылымның атмосферасын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, театрдың заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталғандығын алға тартты. Сонымен қатар, брифингке қатысқан театрдың жетекші балет солисі Жанель Түкеева театр әртістерінің ұжымы үшін Түркістанда өнер көрсету үлкен мәртебе екендігін жеткізді. Сондай-ақ, түркістандықтарды «Қыз-Жібек» операсын тамашалауға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық...