Шымкентте алыптар анықталды

Шымкентте алыптар анықталды

Шымкент қаласы бойынша 5 дүниежүзілік көшпенділер ойындарына «Толағай» алыптар сайысы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Аталған шараны Шымкент қаласы әкімдігінің және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық сайысқа қаламыздан барлығы 10-нан аса спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың ішінде әр түрлі спорт түрінен спорт шеберлері сондай-ақ, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту бойынша Шымкент қаласында көптеген спорттық іс-шара өткізілуде. Соның бірі алғаш рет ұйымдастырылып отырған Толағай алыптар сайысы.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, 1 минут ішінде қашықтыққа салмағы 100 келі табиғи тасты көтеріп жүру, 100 келі қапты көтеру, салмағы 200 келі арбаны сүйреу, найзаны қашықтыққа лақтыру бойынша сынға түсті.
Жарыстың басты мақсаты - 5 дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өткізіп, еліміздің көк туын желбіретер Толағай батырды анықтау.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға Бағдат Маматқұл ие болды. 2-орындыБағлан Мырзатаев қанжығалады. Нимаджан Халметов пен Сәулет Абдусаликов үздік үштікті түйіндеді.
«Толағай» алыптар сайысы қала үшін жарқын оқиға болды, көптеген көрермендердің назарын аударды және спорттық толқулар мен бәсекелестіктің ұмытылмас атмосферасын құрды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және олардың жеңіске жетуге деген ұмтылысын атап өтті. Мұндай іс-шараларды өткізу салауатты өмір салтын насихаттауда және жастарды спорттық іс-шараларға тартуда шешуші рөл атқаратынын атап өту маңызды.
Болашақта «Толағай» алыптар сайысын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр, оның ауқымын кеңейтіп, Қазақстаннан да, басқа елдерден де көп қатысушыларды тарту жоспарлануда. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар спорттық дәстүрлерді нығайтуға және аймақтағы дене шынықтыру мен спорттың дамуына жаңа серпін береді деп үміттенеді.
Мұндай жарыстарды өткізу мықты спортшыларды анықтап қана қоймай, Шымкенттегі спорттық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосады. Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіреді, жаңа биіктерге жетуге шабыттандырады және салауатты және белсенді қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан –...