Қасым-Жомарт Тоқаев Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.

– Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз, – деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды, деп хабарлайды ...

Басқосуға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори, БАӘ Жоғарғы федералдық сотының төрағасы Мұхаммед Хамад Мұхаммед әл Бади әл Захри,...

2025 жылғы 1 қыркүйек - 10 қазан аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының (ТУКИБ) басшылығымен және мүшелерімен...