БӘЙДІБЕК АУДАНДА 44,2 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

БӘЙДІБЕК АУДАНДА 44,2 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Өткен 2020 жылы коронавирус инфекциясының әсерінен елімізде жарияланған төтенше жағдайдың салдарына қарамастан, барлық бағыттар бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды.

2020 жылы ауданда 44,2 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,0 млрд. теңгеге артып отыр. Аудан бойынша 94 709 гектар егістік жер игеру тапсырмасы беріліп, нақты 100 876 гектар алқапқа егіс егілді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 3501 бас болса, 6302 орындалып, 180,0%-ға, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 610 бас болса, 1076 орындалып, 176,4%-ға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 375 бас болса, 686 орындалып, 182,9%-ға артығымен орындалған.

2020 жылы Домалақ ана мектебінің жанынан қосымша 7 сыныптың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы 150 орындық «Қосбұлақ» мектебінің өтпелі жаңа құрылысы мен 100 орындық «Досан» мектебінің құрылыстары жүргізілуде.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...