"Өнерлі өлке": Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдени күндері өз мәресіне жетті

"Өнерлі өлке": Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдени күндері өз мәресіне жетті
 
Түркістанда Сарыағаш ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті. "Өнерлі өлке" облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара қатарынан екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
«Керуен сарай» туристік кешенінде аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала- концертке аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Концерт барысында «Еркетай» би тобы, «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблі, «Назар тобы», Фархат Ескенеев, Глафира Богатова, Нұрлыбек Бұқарбай, Нұрсейіт Шырынхан, Дастан Шәріпбай, Бекзат Есалы, Ержан Исақов, Әлжан Шекербеков, Сәнім Исакқызы, Сая Бектұрсын, Хабиба Бауыржанқызы, Мадина Асқарова және тағы басқалар өнер көрсетті.
Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Сарыағаш ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Келесі күні ұлттық спорттық ойын түрлерінен, атап айтсақ, қошқар көтеру, алыптар сайысы, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, қазақ күресі сынды түрлі т.б ойындардан жарыстар өткізілді. Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады. Өнер байқауы жаз бойы өткізіліп, күз айларына дейін жалғасады.
"Өнер өлке" фестивалі ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуда, сондай-ақ Түркістанның туристік әлеуетін ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға, туристерді тартуға және жергілікті экономиканы дамытуға ықпал етеді. Фестиваль аясында өтетін өнер байқауы жаз бен күз бойы жалғасып, көптеген таланттарға өздерін көрсетуге және аймақтың мәдени дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан –...