Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
2024 жылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Қытай көшбасшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысатыны да нақтыланады.

Айта кетсек, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдеріне жұмыс сапарымен барады. 29 маусымда басталатын туры аясында ол Қазақстанға да ат басын тіреуге ниетті.  БҰҰ Бас хатшысы ең алдымен Өзбекстанның астанасы Ташкентке барады. Антониу Гутерриштің 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатыны да нақтыланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...