Түлектерге диплом табысталды

Түлектерге диплом табысталды
Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратына жиналған көпшілік Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті жастарының жарқын сәттеріне куә болды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күні білім жолында талмай ізденіп, табысқа жеткен талапты түлектердің барлығы жиналған. Шымкент қаласындағы іргелі оқу орнын 2024 жылы 4268 жас бітірді. Олардың 811-і магистр атанса, 3457-сі бакалавр дәрежесіне ие болған.
Диплом табыстау салтанаттында өнер, білім-ғылымда, спортта жетістікке жеткен студенттердің «Біз бағындырған белестер» атты арнайы фильмі көрсетілді. Аз ғана уақытта еліміздегі үздік жоғары оқу орындарымен тең нәтиже көрсетіп жүрген университет алғаш рет Өзбекстан азаматтары үшін «Өзбек тілі және өзбек әдебиеті» бағдарламасын енгізбек. Бұл туралы университет ректоры Қанат Сейтжанұлы айтты.
– Ж.Тәшенев университеті – техникалық мамандықтарға ғана емес, гуманитарлық мамандықтарға да басымдық беріп, заман талабы инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыруды қолға алып, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, техникалық ауыл шаруашылығы, сервистік және ветеринария салаларында білім береді. Университетте 35 бакалавр, 10 магистратура мамандықтарынан бөлек, толық ағылшын тілінде өтілетін «Бизнес әкімшілігі» мен «Басқарудың ақпараттық жүйелері» мамандықтары ашылып жатыр. Алдағы уақытта шетелдік профессор-оқытушылар сабақ беріп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шет мемлекеттерге жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Университетте білім алушылардың қатары жыл санап өсе түсуде. Бұл қадамды маңызды санайтын әрбір жас Тәшенев университетімен бірге белестерді бағындырды. Осы жылы бітірушілердің 80%-ы толықтай жұмыспен қамтылады деген жоспарда бар,–дейді университет ректоры Қанат Сейтжанұлы.
Салтанатты шараға университет басшылығы, ардагер ұстаздар, әлеуметтік серіктестер, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен бітіруші түлектер қатысты. Алғы сөз сөйлеген университет құрылтайшысы Оңалбай Аяшұлы түлектерге сәттілік тілеп, тек биік белестерден көріне берулеріне тілектестігін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес форумына қатысты, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтеріліп, отандық тауар өндірушілерді...

Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру...

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 464,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп...