Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.

Қазақстан Президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Масацугу Асакава еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады. Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін растады.

Азия даму банкі президентінің сапары аясында жалпы құны 300 миллион доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес форумына қатысты, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтеріліп, отандық тауар өндірушілерді...

Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру...

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 464,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп...