ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шымкентке жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шымкентке жұмыс сапарымен келді

1 шілдеден бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары еліміздің маңызды аймақтарын аралып, халықпен кездесуді бастап кетті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, кездесулер өткізуде. Мәжіліс депутаты Асар шағынауданындағы №90 мектеп ұжымымын жүздесіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Жиында Қазыбек Жарылқасынұлы Парламент қабырғасында қабылданған Заңдар, депутаттық сауалдар, «Ақ жол» партиясының бастамасымен жүзеге асқан жобалар, халық игілігі мен ұлт мүддесі жолында атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының саяси реформаларын іске асыру бағытында Үкімет отырыстарында көтерген мәселелері мен шешу жолдарын әңгімелеп, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.
- Өңірлерге сапарымды Ұлт ұясы Ұлытаудан бастадық. Түркістан облысын аралап, бүгін міне Шымкентте халықпен кездесіп жатырмыз. Асар шағынауданындағы мектептің жұмысы көңілден шығып отыр. Елімізде алғаш болып кадет сыныбы ашылыпты. Өте құптарлық бастама. Осы мектепке өзім ұсыныспен шығып, арнайы келіп отырмын. Көтерілген мәселенің бәрі ұлттық идеологияға қатысты. Кездесулерде мәдениет саласы өкілдерінің жалақысы, зейнетақы, жер мәселелері көтеріліп жатыр. Жалпы Шымкентте көптеген оң өзгерістер бар, - деді Мәжіліс депутаты.
Мәжіліс депутаты Қазыбек Жарылқасынұлы одан әрі Көкбұлақ елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысымен танысып, жұмыстың сапасын бақылады.
Сонымен қатар, Қазыбек Жарылқасынұлы Шымкент қаласындағы «Достық Үйі» ғимаратының конференц-залында Шымкент және Түркістан облысындағы ұлт зиялылармен, әдебиет-мәдениет, өнер қайраткерлерімен «Ұлттық идеология» тақырыбында кездесу өткізді.
Басқосуда Қазыбек Иса Парламент Мәжілісі мінберінде көтеріп жүрген мәселелерге, депутаттық сауалдаға, жүзеге асқан жобаларға және атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтап өтті.
Жиналған көпшілік бірқатар мәселелерді айтып, ұсыныстарын жетізді. Жазушы, Қазақстан педагогика академиясының профессоры Момбек Әбдәкімұлы мәжіліс депутатына, «Жазушылар аллеясы» жоқ екендігін, кәсіби мерекелері аталып өтпеуіне назар аударуды сұрады. Ал , ҚР еңбегі сіңірген әртісі Өтемісұлы Сапарбай театрларды дамыту керектігін сөзге тиек етіп, әртістердің жалақыларын көтеру қажетілігін айтты.
Сондай-ақ, жиналғандар «Мәдениет институты» жабылғандығы туралы сөз қозғап, оны қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Жазушы Захардин Қыстаубай ұлттық идеология тақырыбы бойынша сараптама жұмысын бастағанын айтты. Алдағы уақытта бұл зерттеу көпшілікке ұсынылмақ. Ал, тіл жанашыры Қабыл Дүйсенбі сот процесінде судьяларды мемлекеттік тілді білуін міндеттеу қажеттігі туралы мәселесін көтерді.
Қазыбек Жарылқасынұлы басқосуда айтылған ұсыныстарды тыңдап, Парламентегі мәжіліс отырыстарда талқылайтындығын жеткізді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...