Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қонақта болды

Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қонақта болды
Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жылдан асты. Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстар да кеңейді. Осы жылдар ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Германияның Мюнхен, Дрездена, Хемницкий техникалық университеттері және Хайльбронн, Hof қолданбалы ғылымдар университеттерімен білім беру бағытында ынтымақтастық орнатып, жас ғалымдарымыз аталған оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеулер де жүргізіп келеді. Бұл туралы бүгін Әуезов университетіне арнайы келген Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсенмен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы – ректордың м.у.а. Қайрат Нұрманбетов қонағымызға алғысын жеткізіп: «Әуезов университеті әлемнің 200-ден астам оқу орны және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Соның ішінде Германияның жетекші 7 ЖОО-да оқытушыларымыз академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алады, мемлекеттік «500 ғалым» жобасымен тағылымдамадан өтуде. Сондай-ақ Эразмус бағдарламасымен оқу-тәжірибеден өтіп, германиялық профессорлар бізде дәріс жүргізуде. Белсенді серіктестігіміз екі елдің білім мен ғылым саласын дамытуға ары қарай да үлесін қоса беретініне сенімдіміз» деп жетістіктерді атап өтті.
Елші Шымқалаға осымен екінші рет табан тіреген.
–Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың іргетасы берік. Әсіресе, соңғы екі жылда білім-ғылымда тығыз ынтымақтастық аясы артты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға мүдделіміз, - деді Моника Иверсен.
Кездесуде екі ел арасында жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы серіктестікті кеңейту мәселелері қозғалып, зертханаларды жаңа заманауи жабдықтармен қамту ұсыныстары айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...