Шымкент: Қала әкімі қаланы аралап, бірнеше нысандарда болды

Шымкент: Қала әкімі қаланы аралап, бірнеше нысандарда болды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланың бірнеше нысанды аралады. Нұртас шағынауданы Ақсұңқар көшесінің тұрғындарымен тілдесіп, түйткілді мәселелерімен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Әкіммен кездесу барысында қала тұрғындары жарықтандыру, суару жүйесі мен жол белгілерінің жоқтығына шағымданды. Осыған орай әкім жауапты мамандарға суды соруға арналған сорғы қондырғыларының жалпы қуатын арттыру бойынша нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Тұран ауданында салынып жатқан жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысын және “№6 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы” ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Жұмыс барысымен танысқан әкім салалық басқарма басшыларына барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «№9 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» болды. Мұнда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар I-II топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Аралау барысында ғимараттың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін тексерді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қызылжар» шағынауданы тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалдырмады . Жергілікті тұрғындар балалар мен спорт алаңы бар демалыс аймағын салуды сұраған болатын. Қала басшысы аудан әкіміне тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, аумақты абаттандыру міндетін жүктеді.
Одан әрі Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы мәдениет үйінің құрылыс барысына барды. Бұл нысанды жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы мердігер ұйым өкілдеріне мекемеге іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға баса назар аудару қажеттігін айтты.
 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...