ҚР Қаржы министрлігі: жыл басынан бері 1,1 млн жеке тұлға декларация тапсырды

ҚР Қаржы министрлігі: жыл басынан бері 1,1 млн жеке тұлға декларация тапсырды

Жалпыға бірдей декларациялаудың  үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар  активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсына бастады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы  және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.

Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.

2024 жылы Декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет.

Осы жылдың басынан бастап 1,1 млн жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46% декларация тапсырды.

Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы   табысталған.

Декларацияларды ұсыну бойынша ен үздік белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары танытып отыр.

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі – 15 қырқүйекке дейін.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.

Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...