Қазақстан мен Тәжікстан 2025-2027 жылдарға арналған екіжақты тауар айналымын ұлғайту жөніндегі Жол картасына қол қоюға дайындалуда

Қазақстан мен Тәжікстан 2025-2027 жылдарға арналған екіжақты тауар айналымын ұлғайту жөніндегі Жол картасына қол қоюға дайындалуда

19 шілдеде Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрлерінің бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Хоким Холикзодтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Отырыста екі елдегі экономикалық жағдай, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Энергетика, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, цифрландыру және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Орталық Азияда су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру, бірлескен кәсіпорындар құру және су-энергетикалық ынтымақтастықтың кешенді тетігін әзірлеу жөніндегі нақты шараларға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға алдағы сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына қол қоюды пысықтауға келісті.

Роман Скляр өз сөзінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара іс-қимыл екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен перспективасы бар әріптестік пен тату көршілік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған өткен жылы 39 коммерциялық келісімшартқа қол қойылған Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумының нәтижесі дәлел бола алады.

Роман Скляр қабылданған шешімдер Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының барлық бағыты бойынша екіжақты қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретініне және екі ел арасындағы байланысты нығайтатынына сенім білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...