ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ

 Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында жеке кәсіпкерлікпен айналысуға үлкен мүмкіндіктер жасап отырғанын айтқан болатын.

Мәселен, Түркістан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1500 жобаға 43 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджетке 63 млрд теңгенің салығы түскен. Аталған бағдарлама аясында 4,4 млрд теңгеге 400 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың  қазан айына дейін 140 992 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 129 мыңнан астамы мемлекетке салық төлеп келген.

Кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 4,2 млрд теңге бөлініп, 350 жоба субсидияланған. Кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша ішінара 102 млн теңге бөлініп, 30 жоба кепілдендірілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсынуға 60 млн теңге қарастырылып,  20 жобаға мемлекеттік гранттар ұсынылған.

Өңірде жыл басынан бергі 9 ай ішінде  негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  163,5 млрд теңгені құрады. Бұл тұрғыда  Созақ ауданы (26,1 млрд теңге), Түркістан қаласы (16,6 млрд теңге) және Шардара ауданы (15 млрд теңге) көш бастап келеді. Инвестиция көзі болып табылатын жеке инвестициялар көлемі 94 млрд теңгеге жеткен.

Облыс аумағында  инвестицияларды тарту бағытында қолайлы климат құру, сондай-ақ аймақтың әлеуетін арттыру мақсатында Елбасының 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес көпсалалы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

 «No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...