«Эстрада жұлдыздары мен оқушылар «Алматы Жазы» экологиялық эстафетасына қатысты

«Эстрада жұлдыздары мен оқушылар «Алматы Жазы» экологиялық эстафетасына қатысты

Алматыда барлық ауданда мегаполис қонақтары мен тұрғындар баратын ең танымал орындарда «Алматы Жазы» ауқымды экологиялық эстафетасы өтіп жатыр. Тауға, өзен жағалауы, саябақтар мен скверлерге ерекше назар аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Табиғатқа, жалпықалалық нысандарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экологиялық іс-шаралардың жаңа кезең нысандарының бірі Мақатаев атындағы сквер.

Қаланың белсенді тұрғындары, олардың арасында «Даму бала» шығармашылық және спорт секциясына баратын балалар сквер аумағын тазалап, шөбін шабып, тал-шілікті кесіп, ақынның ескерткішін жуды.

Сонымен қатар, балалар үшін скверде ашық аспан астындағы кітапханада дәріс өткізілді. Оқушыларға буккроссинг туралы айтылды, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм тақырыбында отандық авторлар жазған кітаптар ұсынылды.

«Өздеріңізге мәлім, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығында осы сквердің атымен аталған Отан тақырыбы ерекше орында. «Менің Отаным» өлеңінде ақын: «Мен әрқашан өз Отаным — Қазақстанды жырлаймын» дейді. Біз оның жақсылық жасауға, Отанға пайдамызды тигізуге, оның шынайы патриоты болуға үндеген дауысын естігендей боламыз. Сондықтан, тазалықты сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» сияқты акцияларға қатыса отырып, өзіміздегі Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейміз», - деді «Алматы жазы» экоэстафетіне қатысушыларға А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Маржан Бектұрған.

Сондай-ақ, экоэстафетаға «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдау үшін скверге арнайы келген қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты. Атап айтсақ, олар ҚР еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев; цирк артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтырғанов; актриса, тележүргізуші, продюсер Әйгерім Қалмұратова; әнші, композитор Өктем Алтаев; ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров; күйші-домбырашы Асылбек Еңсепов; «Алматы әуендері» директоры Қайсар Сарыбаев.

Мұндай акцияларды жалпы қоғам үшін пайдалы деп санайтын Мұрат Мұтырғанов экологиялық тәрбиенің маңызы туралы айтты.

«Менің ойымша, біз барлық мәселені біреуге арта сала алмаймыз. Егер қаламызды шынымен өзгерткіміз, оны таза, әдемі еткіміз келсе, өзімізден бастауымыз керек. Пәтеріңізден, кіреберісіңізден, аулаңыздан бастаңыз. Егер біз оны осылай ақырындап ретке келтірсек, онда, негізінен қаламызды жақсы жаққа өзгерте аламыз. Сондықтан бәрі өзінен басталады, содан кейін өзгелерге айтуға болады», - дейді артист Мұтырғанов.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев әрбір тұрғын тазалық пен тәртіп сақтауға үлес қосатынын атап өтті.

«Бүгін керемет күн! «Алматы әуендері» ұжымымен барлығымыз «Алматы Жазы» экоэстафетасына қатысып жатырмыз. Республикамызда Қазақстан бойынша таза ел – «Таза Қазақстан» ауқымды жобасының акциясы өтуде. Бұған өте қуаныштымыз. Біздің жазымыз әдемі болсын. Алматы қаламыз әрқашан таза болсын!»,- деді ол.

Продюсер Әйгерім Қалмұратова мен композитор Өктем Алтаев та қала тұрғындарын осы бастаманы қолдауға шақырды.

«Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірігіп отырмыз. Менің ойымша, бұл өте керемет акция. Алматының өркендеуі тек жастардың ғана емес, аға буынның да қолында. Егер қала таза болса, өмір таза болады. Барлық алматылықты, қазақстандықты «Таза Қазақстан» акциясына бірігуге шақырамыз», - деді экоэстафетаға қатысушылар.

400 мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан көктемде басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны «Алматы Жазы» жазғы экоакциясымен жалғасты. Қаланы көріктендіру бойынша ауқымды акция аясында субұрқақтар, өзендер, су айдындары мен жағалау аймақтары тазартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» бастамасын тиімді іске асыру мақсатында 2024 жылы 19 шілдеде Алматы мәслихатының депутаттары қала аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Нормативтік құжат құқықтық мәртебесі мен шаруашылық нысанына қарамастан заңды тұлғаларды, сондай-ақ аула мен қоғамдық аумақты көріктендіруге жауапты лауазымды тұлғалар үшін қала аумағын абаттандыру тәртібі айқындалған.

Бұл іс-шаралар «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсаты мен міндетіне сай келетін қауіпсіз, ыңғайлы әрі экологиялық жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...