Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылғы 3 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады» деген болатын.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына орай, 2024 жылдың 10 шілдесінде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір топ қызметкерлері қасиетті шаһар Түркістанға арнайы ат басын бұрды. Іс сапардың мақсаты – үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Талас, Сарайшық, Ұлытау» тақырыбында өтетін ғылыми-танымдық экспедициясына дайындық жұмыстарын пысықтау. Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры М.Садықбеков экспедициялық топтың басшысы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Е.Нұрмағамбетов пен мүшелерін арнайы қабылдап, «Талас, Сарайшық, Ұлытау» тақырыбында өтетін экспедиция барысында бірлесе атқаратын жұмыстарды пысықтап, экспедиция жұмыстарына қолдау білдіретіндігін жеткізді.
«Талас, Сарайшық, Ұлытау» тақырыбында өтетін экспедиция керуені Қарағанды қаласынан бастау алып, одан әрі Тараз, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Сарайшық, Ұлытау өңірлеріне арнайы тоқтап, одан әрі Астана қаласында экспедиция жұмыстарының қорытындысын жасайды деп күтілуде.
Б.Байбол - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім басшысы.