ХІІІ ғасырда соғылған динардың кесіліп алынған бөлігі жайында

ХІІІ ғасырда соғылған динардың кесіліп алынған бөлігі жайында
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорында бір бөлігі кесіліп алынған, ХІІІ ғасырда Ордыда соғылған алтын динар сақталған. Тиынның екі бетінде де сол кезеңде соғылған динарларға тән құран аяттары, «Калима» (ла илаха илла Аллах Мұхаммед расул Аллах), «аль имаму Уль Аъзам амируль-муъминун» деген жазбалар түсірілген.
Динардың кесіліп алынған бөлігіне қатысты айтар болсақ, ХІІІ ғасырда соғылған Моңғол империясының алтын динарлары өзінің сынамының төмендігі мен салмақ көрсеткіштері арқылы айналымда жүруі арқылы күнделікті сауда қатынасына мейлінше етене араласуға мүмкіндік алды. Көмбе құрамында бүтін ақшалармен қатар көп мөлшерде кездесіп отыратын динарлардың кесіліп алынған бөліктерінің салмақ өлшемдеріне жүргізілген сараптама жұмыстары олардың жосықсыз кесіліп отырмағандығын көрсетті. Тиын кесінділерінің көпшілігінің салмақ өлшемдері бүтін динарлардың орта салмағының жартысын, 1/3 бөлігін, ¼ және 1/10 көрсеткен. Осыған қарағанда Ордуда соғылған динардың кесіліп алынған бөлігі де сауда жасауға қолайлы салмақ көлемінде кесіліп алынғанға ұқсайды.
Әрине, алтын ақша бөліктері бүтін динарлар сияқты салмақ көрсеткіштері арқылы айналымда жүргендігі анық. Динарлардың рационалды түрде бөлінген бөліктері олардың жеке немесе бүтін динарларға қосымша құн ретінде пайдалануға өте тиімді болған. Бұл жерден ақшалардың даналап айналымда жүру қажеттігі туындатқан жолдардың қарастырылғандығы және сол қолданылған әрекеттердің нәтижесі ретінде алтын ақшалардың күнделікті сауда ісінде айналымда жүргендігі көрінеді.
Ә. Егеубаева - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қор бөлімінің қызметкері.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...