Туризмге салынған инвестиция екі есеге артты

Туризмге салынған инвестиция екі есеге артты

Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестицияның оң серпіні байқалады. Осы кезеңде инвестиция көлемі 390,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе көп. 399,8 млрд теңге сомасына 61 инфрақұрылым жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қолдау шеңберінде елге келу туризмі саласындағы шығынның бір бөлігін, Қазақстан ішінде кәмелетке толмаған жолаушы үшін билет құнын, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде және басқа да субсидиялау жөніндегі жобалар мақұлданды. 

Қонақ үй саласы үшін жеңілдетілген несиелеу мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Ақтөбе мен Павлодарда халықаралық франшизасы бар қонақ үйлердің құрылысы басталып кетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...