Қазақстан мен Түрікменстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: өзара сауда көлемі үштен біріне жуық өсті

Қазақстан мен Түрікменстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: өзара сауда көлемі үштен біріне жуық өсті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасарлары Батыр Атадаевпен және Баймырат Аннамаммедовпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу аясында Қазақстан мен Түрікменстандағы экономикалық ахуал туралы пікір алмасу, қазақстан-түрікменстан сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

Екі ел де өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдемелі түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде елдер арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге ұлғайды, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға өсті. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.

Роман Скляр Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара іс-қимыл әріптестік пен тату көршілік рухында дамып келе жатқанын, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективалары бар екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер қазақстан-түрікменстан өзара іс-қимылының барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.    

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...