Орталық Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі туралы

Орталық Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі туралы

Астана, 2024 жылғы 9 тамыз – Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуіне дайындық шеңберінде Астанада Орталық Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында Орталық Азияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары алтыншы Консультативтік кездесудің күн тәртібі мен қорытынды құжаттарының жобаларын қарады.

Бұдан басқа, өңірлік кооперацияны тереңдету және бесжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасылды, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік...

Премьер-министр өңір әкімдеріне инфляция деңгейін ескере отырып, бір балаға қазіргі 500 теңгеден тамақтану құнын арттыру бойынша қаражат бөлуді...