Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл - Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейтбай, Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан күміс медаль иегерлері атанды.

Қазақстан құрамасының жетекшілері – Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов, International University of Information Technology синьор-лекторы Қуанышбай Айбар.

2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.

Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Во исполнение поручения Главы государства по обеспечению питьевой водой отдаленных населенных пунктов, в Туркестанской области на системной основе...