Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);

2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);

3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан). 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталында жүзеге асырылады.

«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Сондықтан маңызы зор. Осы уақытқа дейін  700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...