Түркістан: Сұңқар тектес құстарды заңсыз аулаған азаматтар 700 АЕК көлемінде айыппұл төлейді

Түркістан: Сұңқар тектес құстарды заңсыз аулаған азаматтар 700 АЕК көлемінде айыппұл төлейді

2024 жылдың 1 тамыз-31 қазан аралығында еліміздің 12 аймағында «Сұңқар» кең көлемді табиғатты қорғау акциясы өтеді. Шара мақсаты - «Қызыл кітапқа» енген сұңқар тектес құстарды ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз аулау қызметін анықтау және оларды қорғау. Бұл туралы өткен брифингте «Охотзоопром ӨБ» Қызылорда өңірлік филиалы басшысының орынбасары Нуриддин Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Сұңқар» кең ауқымды акциясы - Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарының және көршілес облыстардың іргелес аудандарының аумақтарында өтеді. Аталған өңірлерде сұңқар тектес құстардың миграциялайтын және мекен ететін аумақтарын қорғау жұмыстары ұйымдастырылады.  Оған мекеменің 163 инспекторы, 80-ге жуық арнайы көлік, «дрон» аппараттары, түнгі көру құрылғылары қолданылатын болады. Айта кетерлігі, қазіргі таңда мекеме тарапынан Қызыл кітапқа енген аң-құстарды заңсыз аулаумен айналысатындарға қарсы арнайы жедел топ құрылды», - деді спикер.

Брифингке қатысқан Түркістан облысының «Орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының» бас маманы Зайыр Үстеновтың мәлімдеуінше, облыс аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында сұңқар тектес құстар өмір сүреді. Соңғы жылдары бұл құстардың саны күрт азаюда. Қазіргі таңда 100-150 жұп сұңқар тектес құстар мекендейді. Ерекше қорғауға алынған құстарды заңсыз аулаған азаматтар жауапкершілікке тартылып, 700 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...