Теңіздегі өткізу пунктерінің тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуі кеден органдарымен бірлесіп жүзеге асырылады

Теңіздегі өткізу пунктерінің тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуі кеден органдарымен бірлесіп жүзеге асырылады

ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов ОКҚ алаңында су көлігінің жағдайы және оның болашағы, яғни теңіз порттарындағы тереңдету жұмыстары туралы айтып берді. 2024 жылдың шілде айында Құрық портының акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды, жалпы көлемнің үштен бір бөлігі аяқталды. 7 санатқа жататын Құрық портының акваториясында топырақ әзірлеуге қауқарлы «Висалиус» жер снаряды тартылды. 2025 жылы Ақтау портында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Онда қытайлық «Ляньюньган порт» компаниясымен бірлесіп контейнерлік хаб салу жобасын іске асыру басталды. Тиісті келісімге қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Порт инфрақұрылымын дамытуға Abu Dhabi Ports, Rhenus, CMA CGM, Wandernet сынды шетелдік инвесторлар, сондай-ақ бірқатар қытайлық компания қызығушылық танытуда.

«Осыған ұқсас жұмыстар теңіз порттарына іргелес теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Бейнеу – Маңғыстау», «Жарық – Сексеуіл» және «Шалқар – Құрық» ТЖ учаскелерінде 404 шақырымдық екінші жол салу жоспарда бар. 5 станция жаңғыртылады, сондай – ақ «Шалқар-Бейнеу» учаскесінде автобұғаттау енгізіледі. Осы іс - шараның барлығы магистральдық теміржол желісін 2030 - жылға дейін жаңғырту жөніндегі бекітілген жоспарға енгізілген», – деп атап өтті спикер.

ТХКБ цифрландыру үшін сингапурлық PSA компаниясы «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, «Digital Trade Corridor» цифрлық платформасын әзірледі. Қытаймен шекарада транзиттік декларацияларды беру процесін автоматтандыру үшін «Tez Customs» жүйесі енгізілді, нәтижесінде оларды ресімдеу мерзімі 2-3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. 

«Қазақстан темір жолы» Солтүстік-Оңтүстік дәлізін цифрландыру мақсатында Абу Даби портпен стратегиялық әріптестік туралы тиісті келісім жасасды. Халықаралық теңіз ұйымының стандарттарына сәйкес өткізу пунктері жұмысының технологиялық процестерін автоматтандыру ынтымақтастық бағыттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ кеден органдарымен бірлесіп, теңіз өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. Порттарда кеме құжаттарын және кемелерге ауыстырылатын жүктерді ресімдеу бойынша «бірыңғай терезе» құрылады. Осы мақсатта біз халықаралық теңіз тасымалын жеңілдету жөніндегі халықаралық теңіз ұйымының конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді ведомство өкілі. 

Сауда флотын дамыту шеңберінде 7 бірлік кеме, оның ішінде 3 танкер, 2 паром және 2 контейнерлік кеме салу жоспарланған. Бүгінгі таңда қазақстандық сауда флоты 17 кемеден тұрады, оның ішінде 10 танкер, 4 құрғақ жүк және 3 контейнерлік кеме бар. Қазіргі уақытта Ұлттық теңіз тасымалдаушысы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы жобалау бойынша серіктестермен техникалық мәселелерді пысықтап жатыр.

Отандық теңіз флотының жүзу құрамында 1,5 мыңға жуық теңізші бар, оның 900 – і - қазақстандықтар. Бүгінгі таңда теңіз көлігі кадрларының тапшылығы шамамен 200 адамды құрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...