Қазақстанда балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

Қазақстанда балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады.  Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Білім» бөліміне өту керек;
• «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет;
•   қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Жаңа мемлекеттік қызмет түрін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп әзірледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...