Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті

Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті

Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Паралимпиада жаттығу орталығында еліміздің спортшылары Пара ойындарының ашылу рәсімінде салтанатты түрде алып жүретін Қазақстанның мемлекеттік туын ұлттық паралимпиада құрамасына табыс етті. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.

Олжас Бектенов ұлттық паралимпиада құрамасына табыс тіледі.

«Паралимпиада – бұл жай ғана спорт емес, бұл адам бойындағы қайсар рух пен шексіз ерік-жігердің шынайы көрінісі. Сіздердің жеңіске деген құштарлық, бейбіт күннің батырларына тән қаһармандық қасиеттеріңіз қандай құрметке де лайық. Миллиондаған адам жанқиярлық еңбек пен өр мінезден шабыттанып, өмірдегі қиындықтарды еңсеруді үйренеді. Бүгін өздеріңізге табыс етіп отырған көк туымыз – айбынды рухымыз бен мызғымас бірлігіміздің, жарқын жеңістің нышаны. Мемлекет басшысы әлемнің ең басты спорт сайыстарында ел намысын қорғау мәртебелі міндет әрі зор жауапкершілік екенін айтты. Сіздер халықаралық аренада Қазақстанды лайықты дәрежеде танытып, елімізге жоғары нәтиже, жаңа жүлдемен оралатындарыңызға сенімдіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Елімізде паралимпиада спортын дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жасалып, жаңа жабдықталған спорт кешендері ашылды. Мамандандырылған спорт дайындық орталығы, 15 спорт клубы, 3 мектеп және спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Қолдау бағдарламалары енгізіліп, жаттықтырушылар корпусы дайындалды.

Премьер-Министр ұлттық паралимпиада құрамасының екі ту ұстаушысы – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиеваға (пара оқ ату) мемлекеттік туды табыс етті.

«Бүгінгі күн мен үшін ерекше маңызды. Қазақстанның көк туын осындай жоғары деңгейлі жарыстарда көтеру – үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Паралимпиада ойындарына қатысу – әрбір спортшының арманы. Біз, параспортшылар, өзіміздің ерік-жігеріміз бен күш-қуатымызды паш етіп, Қазақстанның намысын биікте ұстауға барымызды саламыз. Біздің жүрегімізде елге деген махаббат, патриоттық сезім, жеңіске деген ұмтылыс бар», — деді Берік Ізмағанбетов.

«Бұл жетістікке жету үшін әрқайсымыз ұзақ жолдан өттік, көптеген қиындықты еңсердік. Бірақ, соңымызда бізге сенім артқан, әр қадамымызға қолдау білдіретін тұтас ел тұрғанын білеміз. Біз аянбай күш сынасуға дайынбыз. Паралимпиада ойындарында Қазақстанның әнұраны мақтанышпен шырқалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде береміз», — деп қосты Севда Алиева.

Анықтама: 2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия алды. Жалпы, 1996 жылдан бүгінге дейін қазақстандықтар жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...