Астанада «Қазақ Тазы» тұқымына арналған монопородалық көрме

Астанада «Қазақ Тазы» тұқымына арналған монопородалық көрме

Астанада барлық тұқымдағы иттерге арналған «Ишимские зори – 2024» атты халықаралық көрме өтті. Көрме аясында Қазақстан кинологтар одағы Қазақ Тазы тұқымды иттердің монопородалық көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Көрменің басты оқиғасы «Қазақ Тазы» тұқымындағы үздік итті таңдау болды, бұл шараның маңыздылығы мен ерекшелігін атап көрсетеді. Сондай-ақ, көрме барысында текті анықтамасы жоқ иттердің иелері олардың иттерін тексеріп, өлшету мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде олардың питомниктері халықаралық үлгідегі алғашқы (тіркеу) тектілік куәлігін алуға үміттене алады.

Көрменің мақсаты Қазақ Тазы тұқымын насихаттау болып табылады, бұл тұқымның халықаралық мойындалуына, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мұрасы мен мәдениетін ілгерілетуге маңызды қадам болып саналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...