Мемлекеттік қызмет істері агенттігі: 18 қызмет тұрғылықты мекен жайға қарамастан көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі: 18 қызмет тұрғылықты мекен жайға қарамастан көрсетіледі

Жалпы, рұқсат беру құжаттарының барлық түрлері проактивті форматқа ауыстырылуға тиіс, яғни мерзімдерін ұзартуға азаматтардан өтінім беруді күтпей, оларды ұзарту автоматты режимде ұсынылады. Мысалы, нотариаттық, адвокаттық және жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар проактивті форматта ұсынылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«ІІМ жоспарына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолдану мерзімінің аяқталатыны туралы СМС хабарлама сервисін әзірлеу көзделген. 15-ке жуық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер композиттік форматқа ауыстырылады және 18 қызмет экс-аумақтық негізде, яғни тұрғылықты мекен жайға қарамастан көрсетіледі. Мысалы, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау жөніндегі қызмет осындай форматта қолжетімді болады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, сауда, өнеркәсіп және құрылыс салаларында 9 комиссияның қызметі жойылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...